Жаңалықтар тізбегі
0

Бірнеше қалалардағы ғимараттарға жарылғыш зат қойылды: ІІМ мәлімдеме жасады

ІІМ мәлімдеме , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 16:59 Сурет: Zakon.kz
Наурыздың 31 күні қазақстандық полицияға әртүрлі қалалардағы нысандарға жарылғыш заттар қойылғандығы туралы ондаған хабарламалар келіп түсті. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірқатар қалаларындағы түрлі нысандарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарларға байланысты келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Ғимараттар қоршауға алынды, нысандарды тиісті қызметтер мен мамандар, іздестіру иттері мен арнайы техниканы пайдалана отырып тексерді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Барлық осы фактілер бойынша департаментте атап өткендей, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273 бабына сәйкес, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ішкі істер министрлігі жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Біз тұрғындарды сабырлық сақтауға, болып жатқан оқиғаларға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», - деді ІІМ мамандары.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: