Алматыдағы дүрбелең: Бір немесе бірнеше адам жасаған ба, оны тергеушілер тексереді

Төтенше жағдай Сурет: Zakon.kz
Алматыда бір күнде бірден жеті нысанға "бомба" қойылғаны хабарланды. Оның ішінде әуежай, сауда орталықтары мен банктер де бар. Мұны бір немесе бірнеше адам жасады ма, бұл жағы тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Билік террорлық актіге дайындық туралы бүгінгі жалған хабарламалардан келген зиян мөлшерін анықтап, есептейді. Алматы қалалық прокуратурасы оның толық сомасы тергеу аясында белгілі болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР Азаматтық кодексінің 917-бабына сәйкес, заңсыз әрекеттер салдарынан келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс.

Жеті нысанның, сонымен қатар олардың көлемді екендігін, ол аралардан адамдарды эвакуациялау жүргізілгенін және кәсіпкерлердің қандай да бір ұтылған тұсы болса, соның барлығы ескеріле отырып, тергеу барысында шығын толықтай бағаланып, кейіннен кінәлі адам материалдық жауапкершілікке тартылады. Бұл фактілер, әрине, құқық қорғау органдарының қазіргі қызметіне де әсер етеді. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство дайындалып жатқан террорлық акті туралы көрінеу жалған хабар таратуға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Мұндай қылмыстық әрекеттер бес жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеліп соғады.

Оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Бұл бір уақытта болғанын ескере отырып, тергеушілер оны бір немесе бірнеше адам жасаған-жасамағанын анықтауға тырысады. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

31 наурызда Алматыда үш банк, екі сауда үйі, әуежай және бір оқу орнына, Нұр-Сұлтанда – екі автосалон және екі СОО-ға, Қарағандыда "автоЦОН-ға" жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз