Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда Каспий итбалығы құтқарылды

Каспий, итбалық, Ақтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2022 11:13 Сурет: Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы
30 наурыз күні кешқұрым екі жасар аналық итбалық табылды. Егжей-тегжейлі тексеріліп, емдеу үшін шұғыл түрде Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарылған итбалық ветеринариялық емдеу курсын өтіп жатыр. Кешенді қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде итбалықты табиғи ортасына қайтару туралы шешім қабылданды.

Алғашқы тексеру кезінде итбалықтың ауыр жарақаттары, сынықтары және басқа да елеулі жарақаттары жоқ екені анықталды. Алайда жануар қатты әлсіреген, көздің қабыну ауруына шалдыққан. Біздің Орталықтың қызметкерлері Каспий эндемиктеріне кешенді зерттеу жүргізіп, сауықтыру бағдарламасын анықтады, сонымен қатар зертханалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық сынамалар (жүн, қан, мұрынның, көздің шырышты қабығының материалдары және т.б.) алынды.Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының Ғылыми кеңесінің төрайымы Әсел Тасмағамбетова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: