Каспий теңізінде екі адам құтқарылды
Сурет: pixabay
18 маусым күні Каспий теңізінде екі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, құтқарылғандар 24 жастағы Ақтөбе облысының тұрғындары.
Олар sup board пен сырғанауға теңізге барыпты. Алайда ағын оларды үлкен теңізге алып кеткен. Осы уақытта агитациялық- профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде ТЖМ жедел құтқару - жасағының құтқарушылары жағалаудан 1500 метр жерде "Солдат" жағажайы аумағында көмек сұраған адамдарды көріп, дереу құтқару жұмыстарына кіріскен.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Олар қайықпен жағалауға жеткізілген, жағдайлары тұрақты. Медициналық көмек қажет болмаған.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ағымдағы жылдың басынан бастап 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кеткенін айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript