Ағыс алып кеткен: Каспий теңізінде ер адам құтқарылды

Ағыс алып кеткен: Каспий теңізінде ер адам құтқарылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2026 10:53 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 10 мамырда Каспий теңізінде ағыс пен екпінді жел алып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Каспий теңізінің жағалауында патрульдеу жүргізу барысында ТЖМ құтқарушылары жағадан шамамен 400 метр қашықтықта ашық теңізде қалған адамды байқады.

"Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, қайықтағы ер адамды жағаға жеткізді. Белгілі болғандай, ер адам мотор орнатылмаған қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өздігінен жағаға қайта орала алмаған". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ су айдындарына шығар алдында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

  • ауа райы болжамын алдын ала тексеріңіз;
  • құтқару кеудешесін киіңіз;
  • техникалық жарамды қайықтарды ғана пайдаланыңыз;
  • қатты жел кезінде суға шықпаңыз.

Бұған дейін ШҚО-да жоғалып кеткен жігіттің денесі көлден табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: