Каспий теңізінің жағалауынан екі ер адам құтқарылды

төтенше жағдайлар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 22:54 Сурет: t.me/qr_tjm
Каспий теңізінің жағалауынан екі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 5 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

"Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында резеңке қайықпен екі ер жағалаудан алыстап кетіп, қатты жел салдарынан олар өз бетінше жағаға шыға алмады. ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке асықты. Олар жастарды тауып алып, жағалауға жеткізді", - делінген хабарламада.

Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: