Каспий теңізінің жағалауында екі адам суға кете жаздады

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2023 12:13 Сурет: pixabay
Каспий теңізінің аумағында, атап айтқанда Форт-Шевченко қаласының аумағында Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі серферді құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1992 және 1994 жылы туған азаматтар ашық теңізге серфинг тақтасында шықты, алайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден астам қашықтыққа ығып кеткен. 

Өңірлік төтеншеліктер серферлердің құтқару кеудешесін кимегенін атап өтті.

Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде серферлер жағаға аман-есен жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: