Жаңалықтар тізбегі
0

Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда қанша адам суға батып кетті

Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда қанша адам суға батып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 13:26 Сурет: freepik
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 18 маусымда өткен Үкімет отырысында Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері қанша адам суға батып кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ басшысының айтуынша, жыл сайын суда жүздеген адам қаза табады, олардың басым бөлігі жазғы кезеңде.

"2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды. Құтқарушылары жыл басынан бері 76 адамды, суға шомылу маусымы басталғалы – 24 адамды құтқарды. Ағымдағы жылдың басынан бастап 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті",- деп хабарлады Әрінов.

Минстрдің ақпаратынша, су айдындарында ТЖМ 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылыстары аяқталады. Бірақ ірі су қоймаларында 15 станция жеткіліксіз.

Сондай-ақ, ТЖМ жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар қояды. Олар су айдындарына кезекшілік пен патрульдеу жұмыстарын жүзеге асырады.

"Суға батып кеткендердің 95 %-і тыйым салынған орындарда тіркелетінін ескере келе, әкімдіктермен бірлесіп суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан жылға ұлғайтудамыз. Олардың саны бүгін 708-ге жетті және барлығы "2GIS" платформасында орналасқан. Маусым айының аяғына дейін тағы 33 жағажай қосымша ашылатын болады",- деп қосты Шыңғыс Әрінов.

Мәселен, Ақтөбедегі медициналық университетінің екі студенті 15 маусым күні суға батып кетсе, 16 маусым күні Қостанай облысында екі жасөспірім қыз да судағы қайғылы оқиғадан көз жұмды. Сондай-ақ, 17 маусым күні Павлодарлық жас жігіт шомылуға рұқсат етілмеген жерге суға түсіп, өлім құшты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: