Абай облысында екі адам құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
18 сәуірде Абай облысы Ақсуат ауданында екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақсуат ауданынының қыстауында құтқарушылар Тебиске өзенінде автокөлікте тұрып қалған азаматтарға көмекке келген. Саяхатшылар құтқарылып, жақын маңдағы Ақсуат ауылына дейін жеткізілген. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
"Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыз!",- деп ескертпе жасады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында құлынын құтқармақ болған жігіт өзі суға кетіп қала жаздаған жерінен құтқарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript