Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бензин біршама арзандады

Бензин, бензин бағасы, дизель отыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2022 13:25 Сурет: Zakon.kz
Былтырғы бағаның қымбаттауынан кейін Қазақстанда 2022 жылдан бері бензин 0,3%-ға, дизель отыны 1,7%-ға арзандады. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, сектордағы бағаларға Каспий құбыр консорциумындағы апат, геосаяси дағдарыс әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде 795,3 мың тонна бензин өндірілген. Ал дизельдік отын өндірісі 9,7 пайызға өсіп, 770,7 мың тоннаға жетті.

Анықтама: жалпы, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізде 4,8 миллион тонна бензин және 5 миллион тонна дизель отыны өндірілді. Бензин шығарудың жылдық өсімі 7,1%, дизель отынының жылдық өсімі 6,7% болды.

Energyprom.kz зерттеуінде атап өтілгендей, осы жылғы қаңтар айының соңына қарай жергілікті кәсіпорындар бензинге, дизельдік отынға деген сұранысты 96,4 пайызға қанағаттандырған.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау және бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тыйым салынғандықтан, бензин экспортталмады. Салыстыру үшін: өткен жылдың бірінші айында бензин экспорты шамамен 47 мың тонна болды. Дизельдік отынға келер болсақ, қаңтарда бір жыл бұрынғы 37,8 мың тоннаға қарағанда, 2,2 мың тонна ғана экспортталды, – делінген зерттеуде.

Анықтама: жалпы 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда бензин экспорты 5,1 есеге азайып, 100,9 мың тонна болды, ал дизель отынын экспорттау керісінше, 73,4%-ға, яғни 223,3 мың тоннаға дейін өсті.

2022 жылдың ақпан айының соңында бензин 0,3%-ға, дизель отыны 1,7%-ға арзандады.

Дизель отынының қымбаттауы бойынша Батыс Қазақстан облысы көшбасшы болды – плюс 72,5%. Бұл үштікке Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары да кірді.

Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында тіркелді – «бар-жоғы» 24,3%-пайызға ғана.

Ақпан айында Қазақстанда жазғы дизель отынының орташа бағасы литріне 235 теңге, қыста литріне 346 теңге, АИ-98 бензинінің литрі 232 теңге, АИ 95/96 бензинінің литрі 210 теңге, АИ-92 бензинінің литрі 179 теңге болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: