Кек алуды ұйғарды: ауыл тұрғыны ағасының ешкісін сойып тастады
Сурет: pixabay
Атырау облысында ауыл тұрғыны кек алу мақсатында ағасының ешкісін ұрлап, сойып кеткен. Ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылқоға аудандық сотының материалдарына сәйкес, аудан тұрғыны мас күйінде ағасының үйіне келіп, келінімен ұрысып қалған. Әйел оны қуып жібереді, сол үшін ол кек алуды шешеді.
Сотталушы қорадан ешкіні ұрлап, кейін малды сойып тастаған. Келтірілген шығын 10 мың теңгеге бағаланып отыр. Сотта ауыл тұрғыны кінәсін мойындап, туыстары оның жазасын жеңілдетуді сұрады. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша қаралды, - деп атап өтті «Мой город» басылымында.
Сот хаттамаларына сәйкес, ер адам кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript