Жаңалықтар тізбегі
0

Құны 300 млн теңгеге жуық түрік матасы тиелген екі жүк көлігі ұрланды

Ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 20:07 Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысы полицейлері екі жүк көлігімен тасымалданған қымбат матаның ұрланғанын анықтады. Күдіктілердің бірі 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факт Жамбыл ауданында тіркелді. 28 наурызда полицияға Алматы тұрғыны арызданып, Ақтерек ауылының маңында қымбат жүгі бар екі фураның ұрланғанын айтты. Белгілі болғандай, жалдамалы жүк көліктерінің екі жүргізушісі Түркиядан Алматыға пердеге арналған қымбат матаны алып келе жатқан. Жүргізушілер жол бойындағы кафелердің бірінде демалу үшін тоқтағанда ауыр жүк көліктері ұрланған. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Жүк иесі өзінің шығынын 280 млн теңгеден аса сомаға бағалады.

Полиция қызметкерлері көрші Қарасай ауданынан ауыр жүк көліктерін тапты. Матаны тиеп, Алматыға жөнелтіп үлгергені анықталды.

Жүктің және оны ұрлауға қатысы бар адамдардың орналасқан жері екі тәулік ішінде анықталды. Күдіктілердің бірі - Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылының 42 жастағы тұрғыны. Ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындады. Түрік матасы табылып, заңды иесіне толықтай қайтарылды, - деді Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі, яғни "Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық" бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: