Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында қанды қылмыстың беті ашылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 19:38 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері қаза тапқан ер адамның 33 жастағы ауылдасын ұстады. Ер адам осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаркент маңындағы жазық даладан қол-аяғы байлаулы, мойынында жібі және соққы іздері бар ер адамның денесі табылды. 52 жастағы ер адамның бір аптадан астам уақыт хабар-ошарсыз кеткені анықталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Адам өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық тергеу ісі Панфилов аудандық полициясының өндірісіне алынды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ер адамның спирттік ішімдік тұтыну кезінде өлтірілгені айтылады. Полиция дастарқан басында бас қосқан ер адамдар, алдымен сөзге келіп, артынан төбелескенін анықтады. Жәбірленушінің қолдарын мата белбеумен байлап, содан соң мойнына жіп салып, тұншықтырған.

Барлық анықталған адамдардан сұрақ-жауап алынды, олардың әрқайсысының қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі. Басты айыпталушы қамауға алынды. Сондай-ақ мұндай жағдайларда талап етілетін міндетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қылмыстық істі тергеу барысы облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды. Белгілі болғандай, қайтыс болған ер адам үйленбеген әрі қарт анасымен бірге тұрған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: