Тәртіпсіздіктер кезінде тұтанатын қоспасы бар шөлмектерді таратқан күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының полицейлері қаңтар айының басында орын алған тәртіпсіздіктер кезінде тұтанатын қоспасы бар шөлмектерді таратты деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Таразда 5 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі жол шетіне келіп тұрған.
Көліктен түскен адамдар темір тұлпардың мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүк салғышқа салады. Аталған көліктің жүргізушісі бес литрлік тұтанатын қоспаны алып келіп, ұлымен бірге оны шыны шөлмектерге құйып, митингіге қатысушыларға таратқан. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Аталған факті сәйкес, ҚР ҚК-нің 255-бабы, 4-бөлігі, яғни "Терроризм актісі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті тергеу изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript