Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 22:51 Фото: pexels
Ақтөбеде полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, бірінші жағдайда күдікті салық органдарындағы бұғатталған есепшотты ашып беремін деген желеумен құрылыс компаниясының бухгалтерін алдап, 580 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Екінші жағдайда ол жеке кәсіпкердің басшысына басқа облыста тұратын, ірі көлемде қарызы бар азаматты тауып беруге көмектесетінін айтып, сеніміне кірген. Осы сылтаумен кәсіпкерден 4 миллион теңге алып, өз пайдасына жаратқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Аталған фактілер бойынша алаяқтық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, бейтаныс адамдардың түрлі қызмет көрсетемін деген уәделеріне сеніп, ақшалай қаражатты бермеуге және мұндай жағдайларда олардың өкілеттігі мен ұсынылған ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеруге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: