“Анасын "жерлеу" үшін ақша сұраған". Жетісу облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Сурет: pxhere
Полицейлер Үштөбе қаласынытұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол әзірге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір досынан "соғымға" деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр". Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы
Аудандық соттың санкциясымен күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript