Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2023 09:46 Сурет: видео скрині
Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында ұсталды, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар екі бума тәркіленді.

Сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша тәркіленді.

Сурет: видео скрині

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Тәркіленген зат пен қару бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: