Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Мажарстан Премьер-министрін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 20:12 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанды «ФИДЕС – Христиан-демократиялық халық партиясы» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Мажарстан Премьер-министрі болып қайта сайлануымен Қазақстан халқының және жеке өз атынан құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайлаудағы жеңісіңіз – отандастарыңыздың Сізге және Өзіңіз басқарып отырған партияның Мажарстанның саяси-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуге және оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Отаныңыздың мүддесі мен жарқын болашағы үшін сіңіріп жүрген қажырлы еңбегіңізге, қолға алған тың бастамаларыңыз бен маңызды жоспарларыңызға сәттілік әрқашан серік болуына тілектестігімді білдіремін, – деп жазылған Ақорда жариялаған құттықтау жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достықтан серпін алатын стратегиялық әріптестік бірлескен күш-жігеріміз бен үкіметтеріміз деңгейіндегі белсенді байланыстардың арқасында одан әрі беки түсетініне кәміл сенімді екенін жеткізді.

Осы тұста, қазақ-мажар ықпалдастығының биік қарқынын сақтауға ерекше мән бере отырып, сан қырлы бағыттардағы іс-әрекеттестігімізді күшейту жолдарын талқылау мақсатында, өзара қолайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын, – делінген Президенттің құттықтауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің аса жауапты қызметіне толағай табыстар, ал бауырлас мажар халқына мол бақыт пен құт-береке тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: