Тоқаев Үндістанның Премьер-министрін құттықтады
Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиді Үндістан Республикасының Премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы осындай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра Модидің көреген саясатына деген Үндістан халқының берік сенімі мен қолдауының дәлелі екенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.
"Сіздің дана басшылығыңызбен Үндістан экономикасы ең жылдам дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде өзінің таңқаларлық жолын жалғастырып, жаңа жетістіктерге жететініне сенімдімін. Қазақстан Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Екі ел ынтымақтастығы халықтарымыздың берік достығына, ортақ құндылықтарға және тығыз қарым-қатынасқа негізделген", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript