Жаңалықтар тізбегі
0

ДСМ Алматыда дәрігердің өлтірілуіне қатысты: Медицина қауымы қатты алаңдаулы

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 20:28 Сурет: Facebook/Giniyat Azhar
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірледі, жақын арада ол Парламенттің қарауына енгізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Ажар Ғиният өз атынан және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан қайғылы қазаға ұшыраған гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Оның айтуынша, бұл оқиға республиканың денсаулық сақтау саласы үшін жантүршігерлік аса ауыр қайғы болып отыр, бейбіт уақытта дәрігерлерге жауыздық танытқан, өз іс-әрекеттеріне жауап бермейтін адамның қолынан қаза тапты.

Қазақстанның медицина жұртшылығы Алматы қаласындағы Гастроэнтерология институтында көп жылдар бойы қызмет атқарған белгілі гастроэнтеролог - дәрігер Юрий Петрович Шумковтың өлтірілгені туралы хабарды естіп қатты алаңдауда. Отандық медицина гастроэнтерологияның дамуына зор үлес қосқан, жүздеген пациентті жоғары медициналық білімінің арқасында емдеп, өмірін сақтап қалған аса білікті маманынан айырылды. Үш бала жетім қалған, ал қарт ата-анасы ұлынан айырылған қаза тапқан дәрігердің отбасы үшін қайғылы оқиғаның аса ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз қылмыстың жан-жақты тергелуіне, сондай-ақ орын алған қайғылы оқиғаға кінәлілерді заңның барлық қатаң талаптары бойынша жазалайды деп сенімдіміз. Ажар Ғиният

Министр әрбір осындай инцидент бүгінде заңнамалық тетіктердің көмегімен медицина қызметкерлерінің құқықтарын сенімді қорғауды қалыптастыру, өз өмірі мен денсаулығы үшін қорықпай қауіпсіз еңбек етуіне кепілдік беретін құқықтық нормаларды қабылдау қаншалықты маңызды екенін көрсететінін баса атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірледі, жақын арада ол Парламенттің қарауына енгізілетін болады. Ажар Ғиният

Айта кетсек, алдында Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өлтірілгені хабарланған. Оған аңшы мылтығынан оқ атылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: