Елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылмақ
Медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру объектісі – медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндетке байланысты медициналық қызметкердің кәсіби жауапкершілігі және оның мүліктік мүдделері.
Осы қағидаға сәйкес, денсаулық сақтау субъектісі медициналық қызметті медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.
Құжат бойынша, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты Денсаулық сақтау субъектісінің және медицина қызметкерінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі салдарынан пайда алушының пайдасына денсаулық сақтау субъектісі мен медицина қызметкері арасында жасалған шарт болып есептеледі.
Сақтандыру шарты нысан бойынша бекітілген медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жасалады.
Сақтандыру шарты сақтандыру төлемі түскен күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Сақтандыру шарты келесі жағдайларда тоқтатылады:
- оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;
- сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы сот шешім қабылдаған;
- сақтанушының немесе сақтандырушының талабы бойынша, олар сақтандыру шартының талаптарын бұзған жағдайда.
Медициналық қызметкерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады және бірінші сақтандыру жағдайы бойынша өзінің қолданылуын тоқтатпайды.
Сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Тараптар сақтандыру заңнамасының талаптарын басшылыққа алады.
Құжат 10 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.