Жаңалықтар тізбегі
0

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды

Ажар Ғиният, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 16:01 Сурет: gov.kz
Бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысында медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда қабылданды.

"Бұрын айтылғандай, медицина қызметкерлерін заңды және қаржылық қорғауды және пациенттердің зиянды өтеуге кепілдік берілген құқықтарын іске асыру мақсатында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізу қажет. Бұл нәтижесінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Құжатты ұсына отырып, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бейінді ведомство сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың түрлі үлгілеріне талдау жүргізгенін атап өтті. Бүгінде ұсынылған міндетті сақтандырудың бейімделген моделі жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары арқылы, сақтандырушының қаржылық жауапкершілігінің шекті көлемімен, жұмыс беруші сақтанушы болып табылатын, ал медициналық ұйым сақтандыру ұйымымен ұжымдық шарт жасасатын медициналық қызметтердің тарифтері арқылы қаржыландырумен жүзеге асады.

"Осы модельге сәйкес шағымды қарауды арнайы комиссия сарапшылар мен мүдделі тараптарды тарта отырып, медиация элементтерін қолдана отырып, сонымен қатар бейінді медициналық қауымдастықтарды тарта отырып жүзеге асырады. Бұл кезеңде мәселе медициналық ұйымның өзінде шешілуі мүмкін", - деп түсіндірді Ажар Ғиният.

Пациент қызметтің шешімімен келіспеген жағдайда, шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінде қаралуы мүмкін. Оң нәтиже шығарылған жағдайда шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына берілетін болады, деп жалғастырды министр.

"Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сақтандыру жарнасының мөлшері қауіп дәрежесіне байланысты бекітілген актуарлық есептеулердің негізінде медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып айқындалады", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Заң жобасының шеңберінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормаларды ұсынды.

Сонымен қатар заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға және оларды әлеуметтік қолдауға, оларға құрметті атақтар беруге және 2023 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жалғастыруға бағытталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: