Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыздар ең ірі алтын кеніші — «Құмтөрді» мемлекет меншігіне қайтарып алды

Мемлекеттік меншік, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 21:11 Сурет: google.com/maps
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Центерра» компаниясымен арадағы дауды реттеу туралы келісімге қол қойылғанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғызстанға біздің ең ірі ұлттық байлығымыз – "Құмтөр" кенішін толықтай әрі қайтарымсыз негізде өткізуді қамтамасыз еттік. Бұл, енді "Құмтөр" толығымен Қырғызстанға тиесілі дегенді білдіреді! Бүгінгі күн біздің еліміздің тарихына бетбұрыс ретінде енеді деп айта аламын, - деді Жапаров.

Ол "Құмтөр Голд Компанидің"100% акциясы қазір елге тиесілі екенін атап өтті.

Сондай-ақ біз өткен жылдың мамыр айынан, яғни сыртқы басқару енгізілген сәттен бастап кен орнын толық бақылауға алып, есеп жүргізуге қол жеткіздік. Сондықтан, 2021 жылдың 15 мамырынан бастап барлық пайда бізге тиесілі, бұл 323 миллион доллардан асатын көлем. Сонымен қатар," Центерра " бізге өткен жылдың үш тоқсаны үшін дивидендтер төлейді. Таза көлемі шамамен 11 млн АҚШ долларын құрайды. Тағы бір жетістік – біз "Центерра" компаниясының Қырғыз тарапына 50 млн АҚШ доллары көлемінде біржолғы төлем жасауы туралы келісімге қол жеткіздік, – деп атап өтті Қырғызстан Президенті.

Қырғыз тарапы "Центерра"компаниясына қарсы басталған барлық сот пен өзге де істер мен шағымдарды тоқтатты.

Келісімнің әр тармағы бір жылға жуық талқыланды.

"Құмтөр" кен орыны ең қарабайыр есеп бойынша 3 миллиард долларға бағаланады. Мамандардың айтуынша, алдағы 10 жылда 160-200 тонна алтын өндіріп, мемлекет меншігіне өткен компаниядан 5 миллиард доллар пайда ала алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: