Сингапур ғалымдары қайта пайдалануға болатын қағаз жасап шығарды
Қағаздың бұл түрін жасау үшін зерттеушілер өсімдік тозаңын пайдаланады, деп жазды hi-news.ru басылымы.
Бұл шикізат түрі кездейсоқ таңдалмаған, тозаң өздігінен қалпына келеді әрі оны өндіру табиғатқа ешқандай зиян келтірмейді.
Ол қағазды аллергиясы бар адамдар да еркін пайдалана алады, өйткені қағаз өндірісі кезінде пайдаланылатын шикізатта аллергия тудыруы мүмкін бірде-бір тітіркендіргіш компонент жоқ.
Қайта қолданылатын қағаз өндірісінің көптеген артықшылықтары бар:
қоршаған ортаға зиян тигізбейді;
қайта пайдалануға болады;
гипоаллергенділік;
қайта басып шығаруға жарамды.
Бір ғана кемшілігі – принтерден шығарғанда, түстер көмескіленеді. Оны принтер арқылы түзеп алуға болады.
Тозаң қағазының ең маңызды артықшылығы - оның өндірісі ормандардың жойылуын және қағазды улы заттармен ағарту процесін қолдануды тоқтатады.