Қазақстанда студент қыздар өсімдік майын қайта пайдаланудың құпиясын ашты
Сурет: pixabay
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері пайдаланылған өсімдік майынан биоотын жасап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz
Жас ғалымдар Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниеваның жобасы халықаралық конференцияда жүлделі орын алды. Жоба жетекшісі – ҚазҰПУ докторанты Гүлсара Ақанова. Ол экологиялық таза биоотын өндірудің бірегей технологиясын жасаумен бірнеше жыл бойы айналысып келеді.
Сурет: ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Жас ғалымдардың жобасы бірқатар экологиялық және экономикалық мәселелерді шешеді. Биоотын экологиялық таза және тиімді, сонымен қатар арзан, қауіпсіз және тасымалдауға ыңғайлы.
Қазір көптеген елдер биоотынға көшіп жатыр. Шетелде негізінен қант қамысы, жүгері сияқты әртүрлі өсімдіктерден өндіреді. Біз биоотын алу бойынша өз технологиямызды ойлап таптық және жасадық. Жылдам тамақтану мейрамханаларында өсімдік майы көп мөлшерде пайдаланылады және тамақ пісіргеннен кейін ол жарамсыз болып қалады. Біз оны қайта өңдеуді ұсынамыз. Ол үшін өсімдік майын ұсақ қоспалардан тазартамыз, содан кейін сілтілі катализаторды және этил спиртін қосамыз. Осылайша биоотын аламыз.ҚазҰПУ докторанты Гүлсара Ақанова
Алдағы уақытта Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниева жобаларын жетілдіріп, стартап жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript