Жаңалықтар тізбегі
0

Жанкүйерінің телефонын сындырған Роналду желі арқылы кешірім сұрады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2022 11:22 Сурет: Instagram/cristiano
"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду телефонын сындырып қойғаны үшін жанкүйерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ыңғайсыз жайт ағылшын премьер лигасының 32-ші турында "Эвертонмен" кездесуінен кейін "Манчестер Юнайтед" ойыншылары алаңнан кеткен кезде орын алды.

"Алтын доптың" бес дүркін иегері Instagram-дағы парақшасы арқылы кешірім сұрады.

Қазіргі кездегідей қиын сәттерде эмоцияларға ие болу әрдайым мүмкін емес. Алайда біз әрқашан құрметті, сабырлы болып, футболды жақсы көретін жастарға үлгі көрсетуіміз керек. Ашуға берілгенім үшін кешірім сұрағым келеді, егер бұл мүмкін болса әрине, адалдық пен спорттық қағидалардың жақтаушысы ретінде сол жанкүйерімді Олд Траффордтағы матчқа шақырғым келеді. Криштиану Роналду

Жайсыз оқиға 9 сәуірде орын алды. "Эвертонмен" болған матчтан (жеңіліп қалғаннан) кейін Роналду алаңнан кетіп бара жатып, жанкүйердің қолындағы телефонды қағып жіберді. "Манчестер Юнайтед" болған оқиғаны тергеуге уәде берді.

"Манчестер Юнайтед" Англия чемпионатының турнир кестесінде жетінші орында, 31 матчта 51 ұпай жинады. Манчестер Клубы келесі матчты 16 сәуірде Норвичке қарсы өткізеді.

Бұған дейін "Манчестер Юнайтед" пен Португалия құрамасының шабуылшысы ХХІ ғасырдың 100 үздік футболшыларының тізіміне енген болатын. Рейтингті "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы және Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси бастап тұр. Криштиану Роналду - екінші орында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: