Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО тұрғыны адамдарды жоқ тауармен алдап келген

компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 18:33 Сурет: unsplash
Андрей есімді жас жігіт (есімі өзгертілді) 2020 жылы желтоқсанның соңында тұрақты табыс көзі мен жұмысы жоқ бола тұра Нұр Сұлтан, Алматы, Өскемен және Сарыағаш қалаларында тұратын тұрғындарды алдап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің ұялы телефонының көмегімен фотоларды Olx сайтында жариялап, SonyPlaystation ойынын сатамын деп жалған хабарландыру таратқан.

SonyPlaystation маркасының ойын приставкаларын ол 260 мың теңгеден бастап 340 мың теңгеге дейін төмен бағада сатылатынын хабарлаған. Клиенттер хабарласқанда Андрей аңғал және ақымақ адамдарға жалған хабарландыруды фотолармен растап отырған.

Ойын приставкаларының фотосын салып, оны нарықтан төмен бағамен сатамын деп айттым. Адамдар менімен кездесіп, тауарға қызығушылық танытты. Бірақ ол заттар менде жоқ еді. Мен оларды алдап отырдым, адамдармен танысып,сенімдеріне кіріп, қолхат жасап, алдын-ала төлем жасаған ақшасын өзімнің керегіме жұмсап отырдым. Оларға тауарды ертең әкелемін деп уәде бердім. Бірақ келесі күні ұялы телефонымды сөндіріп тастадым, – деді сотталған Андрей.

Қазір Андрей жазасын ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтеп жатыр. Ол осы жасалған қылмысы үшін, яғни ҚР ҚҚ-нің "алаяқтық" бабымен 3 жылға сотталды. Барлық шығын талаптары жәбірленушілердің пайдасына өндірілуге жатқызылды. Андрей жасаған қылмысы үшін қатты өкінеді.

Өзімнің қылмысым үшін жаза өтеп отырмын. Өкінемін және әсіресе ақшаға мұқтаж адамдар бұлай істемеуін сұраймын.Сотталушы

ҚР ҚК 98-1,98-2-баптарына сәйкес сотталушының жәбірленушілерге қатысты барлық талап-арыздары мәжбүрлі түрде Қорға төленді. Жәбірленушілерге 20 АЕК көлемінде өтемақы өтеліп, қанағаттандырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: