Түрікменстанда әйелдерге жасанды кірпік пен тырнақ жалғауға тыйым салынды

Түрікменстан, тырнақ өсіру, жасанды кірпік жалғау Сурет: pixabay
Түрікменстан әйелдеріне кірпік ұзартуға, жасанды тырнақ өсіруге, ерінді үлкейтуге тыйым салынды. Тыйымды бұзған сылқымдар мен салон иелері айыппұл арқалауы немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Радио Азатлык» сайтының жазуынша, Мары облысына қарасты Байрамалы қаласының полиция қызметкерлері жергілікті сұлулық салондарына барып, кейбір қызметтерді көрсетуге тыйым салған.

Олар ботокс, кірпік ұзарту, ерін үлкейту және жасанды тырнақ жалғау сияқты қызметтер көрсетуге тыйым салынғанын ескертті, – дейді сұлулық салондарының бірінің қызметкері.

Дегенмен, шебердің айтуынша, тәртіп сақшылары тыйымның енгізілгенін растайтын ешқандай құжат көрсетпеген, себебін түсіндірмеген.

Полицейлер тыйымды бұзып, жоғарыда аталған қызметтерге жүгінген әйелдер ұсталып, айыппұл салынуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл тыйым салон иелеріне де қатысты.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз