Қытайда COVID-19 жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

коронавирус Сурет: pixabay
Қытай билігі кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 29 411 адамды анықтады. Бұл – пандемия басталғалы бері ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ауруды жұқтырғандардың ең көп саны Шанхайда (2 573 адам) және солтүстік-шығыс Цзилинь провинциясында (325 адам) тіркелген.

Қытай Халық Республикасының Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, кейінгі тәулікте анықталған 3000-нан астам ауру жұқтырған адамда COVID-19 белгілері расталды. Аурудың негізгі белгілері арасында қызба, жөтел, әлсіздік бар.

Қалған 26 391 адам – аурудың асимптоматикалық тасымалдаушысы. Оның 73-і шетелден келген, 26 318 жағдай республика ішінде тіркелген.Қытай Халық Республикасының гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз