Бірде-бір әлеуметтік желі бұғатталмайды – ақпарат министрлігі
Сурет: pixabay
ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Данияр Қадыров ведомство Қазақстан заңдары бұзылмаған жағдайда әлеуметтік желілерді бұғаттамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вице-министр қазір министрлік осы мәселе бойынша Facebook, Instagram, TikTok, VKontakte сияқты ірі халықаралық әлеуметтік желілермен жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Ірі халықаралық интернет-ресурстарда баланы кибербуллингтен қорғау керек деген түсінік бар. Олардың соны қадағалайтын өздерінің қауіпсіздік қызметтері де бар. Данияр Қадыров
Ведомство өкілі заң жобасы аясында әлеуметтік желілерге қатысты жазалау әдісі қолданылмайтынын атып өтті.
Қазақстан заңдары бұзылмаса, бірде-бір әлеуметтік желі бұғатталмайды. Бұл тек осы заң жобасымен реттелмейді – Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» заңдары бар. Жабу туралы мүлде сөз болып жатқан жоқ.Данияр Қадыров
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар балаларды кибербуллингтен қорғау туралы резонанс тудырған заң жобасын қарап, екі оқылымнан кейін мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript