Ақпарат министрі Қазақстанда әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы айтты
Сурет: primeminister.kz
ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Асқар Омаров елімізде әлеуметтік желілер бұғатталмайтынына сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы мәселе туындаған жоқ.Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров
Асқар Омаровтың айтуынша, әлеуметтік желілер ашық шығып, қажет деректерді береді.
Балаларды қорлау мазмұнындағы контент анықталса, хабарласатын, айтатын ұйымдар бар. Бұл Лос-Анджелеске немесе Майамиге сұрау жібермеу үшін, олардан жауап күтіп жүрмеу үшін керек. Тікелей жұмыс істеу үшін қажет. Асқар Омаров
Еске салайық, жаңа түзетулерге сай Қазақстанда орналасқан шетелдік әлеуметтік желілердің меншік иелері немесе өзге де заңды өкілдері БАҚ саласындағы уәкілетті органмен (МИОР) өзара іс-қимыл жасау үшін өз өкілін тағайындауы керек. Сонымен қатар бұйрық алғаннан кейін 24 сағатта Қазақстан заңнамасының талаптарын бұзатын ақпаратты жою шарасын қабылдауы қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript