Балаларды қорғау туралы заң: Әлеуметтік желілерді бұғаттамаймыз – Омаров
Сурет: pixabay
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстандағы шетелдік әлеуметтік желілердің жұмысына қатысты жаңа нормаларды қамтитын баланың құқығын қорғау туралы заң жобасына енгізілген түзетулер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жерде мәселе кибербуллинг, балаларды қорғау туралы болып отыр. Әлеуметтік желілерді ешкім бұғаттамайды. Екіншіден, министрліктің әлеуметтік желілерге тосқауыл қоюға құқығы жоқ. Біз әлеуметтік желілерге бала құқығын қорғау, кибербуллинг мәселесі бойынша ғана хабарласамыз.Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров
Еске сала кетейік, жаңа түзетулерге сай, Қазақстанда қолданылатын шетелдік әлеуметтік желілердің меншік иесі немесе өзге де заңды өкілдері БАҚ саласындағы уәкілетті органмен (министрлікпен) өзара іс-қимыл жасау үшін өкілін тағайындауы керек. Ал бұйрықты алғаннан кейін олар 24 сағатта Қазақстан заңнамасының талаптарын бұзатын ақпаратты жою үшін шаралар қабылдауы керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript