Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мұғалімнің не себепті қайтыс болғаны айтылды

Алматы, мұғалім, Ұлттық тестілеу орталығы, біліктілік сынағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 15:29 Сурет: pixabay
14 сәуір күні Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болған мұғалім гипертониялық сырқатына байланысты емханада есепте тұрған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Бұл соңғы 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі.Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтті.

Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді.ҰТО баспасөз қызметі

Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері «егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі берілетінін» айтты.

Бұған дейін біліктілік тестін қапсыру кезінде ер адамның қайтыс болғанын жазған едік. Куәгерлердің айтуынша, оған алғашқы көмек көрсету мүмкін болмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: