Алматыда 18 жастағы жігіт бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2024 15:54 Фото: Zakon.kz
Алматыда бірнеше қылмыс жасаған 18 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы 14 қарашада ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың Медеу ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

"Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған қаскөй бөтен біреудің телефонын ұрлап, "ізін суытқан". Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бұған дейін автожолдарда "жасырын" патрульдеу енгізілгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: