Алматыда ұрланған тапанша мен оқ алып бара жатқан курьер ұсталды
Сурет: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматыда полицейлер 44 жастағы курьерден ұрланған тапанша мен 17 оқ тәркіледі. Бұл туралы 14 маусымда Zakon.kz сайтына қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, полицейлер мопедтке мінгескен екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы экологиялық бекетте тоқтатқан.
"1979 және 1982 жылы туған азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында Grand Power тапаншасы мен 17 әртүрлі оқ әшкереленіп, тәркіленді. Алдын ала тексеру барысында қару газды тапанша екені және травматикалық оқпен атылатыны анықталып, кейінірек қарудың ұрланғаны белгілі болды.Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ільяс Өмірсеріков
Бұл дерек сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287 бабы 2 тармағы бойынша тіркелді.
Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.
"Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", – деді Ільяс Өмірсеріков.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
Қазақстанда курьерлер мен такси жүргізушілерінің жұмысы реттеледі. Жуырда ҚР Еңбек кодексіне осындай толықтыру енгізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript