"Шетелдік компаниялардың серверлерінде отырған": Алматыда киберқылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды

Хакер, шетелдік компания, сервер, Алматы, киберқылмыс, күдікті, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2025 11:26 Сурет: pixabay
Алматыда бірнеше компьютерлік қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

"Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысында киберқылмыстарды ашу көрсеткіші екі есе артқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: