Жаңалықтар тізбегі
0

«Реал» мен «Наполиде» ойнаған футболшы жол апатынан кейін ауруханада көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 19:37 Сурет: Instagram/freddyrinconoficial
Колумбия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, үш әлем чемпионатына қатысқан 56 жастағы Фредди Ринкон жол апатына түсіп, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Реал Мадридтің" бұрынғы футболшысы 11 сәуірде Колумбияда болған жол апатынан кейін ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Үш күннен кейін ол өмірден озды, делінген Колумбия футбол федерациясының сайтында.

Колумбия футбол федерациясы Фредди Ринконның өліміне қатысты өкініш білдіріп, бұл отбасы мен достары, сондай-ақ спорт саласы үшін орасан шығы екенін жеткізе отырып, қаралы қауымға көңіл айтты.

Жол-көлік оқиғасы Колумбияның Қали қаласында түнгі уақытта орын алды. Спортшы көлігімен солға бұрылғанда автобуспен соқтығысқан. Экс-футболшы әртүрлі бас жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалды, жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Автобус жүргізушісі мен ондағы жолаушылар да ауруханаға жатқызылды.

"Біздің команданың жұмсаған барлық күш-жігеріне қарамастан, Фредди Ринкон қайтыс болды", - деді Калидегі клиниканың медициналық директоры Лауреано Кинтеро.

Кейінірек желіде жол апатының видеосы пайда болды.

Фредди Ринкон Колумбия құрамасы үшін 84 матч өткізіп, 17 гол соқты. Ол - Америка Кубогының екі дүркін қола жүлдегері. Жартылай қорғаушы, 1990, 1994 және 1998 жылғы әлем чемпионаттарында өнер көрсетті.

Ринкон 1995 жылдан 1996 жылға дейін Реал Мадридтің намысын қорғады. 1986 жылдан 2004 жылға дейінгі мансабында экс-хавбек Наполимен қатар Колумбия және Бразилия клубтарында да ойнады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: