Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің үшінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2024 17:05 Сурет: Instagram/mutuamadridopen
Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы матчын дүниежүзілік рейтингіде 46-орында тұрған италиялық Лючия Бронцеттимен өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Бұл қос теннисшінің өзара бірінші кездесуі еді.

Бастапқы партияда Елена 2:0 есебімен алға шыққанымен, Лючия таразы басын теңестірді. Дегенмен Рыбакина брейкпен тәмамдады – 6:4.

Екінші сетті Бронцетти брейкпен бастағанымен, Рыбакина ойын тізгінін қайта қолға алды – 4:1. Содан кейін қатарынан үш эйс жасап, бірінші матчболын сәтті пайдаланды – 6:3.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, украиналық Марта Костюк немесе рейтингіде 72-сатыдағы мысырлық Майар Шерифтің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.

Рыбакина өткен аптада Штутгарт WTA 500 турнирінде чемпион атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: