Australian Open: Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2024 17:11 Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық, 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишковамен кездесті.

Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.

Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті — 2:1. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: