Қытайда COVID-19 қайта өршіп, локдаунға байланысты iPhone өндірісі тоқтатылды

COVID-2019 Сурет: pixabay
Apple-дің Қытайдағы серіктесі Pegatron компаниясы Шанхай мен Куньшан зауыттарындағы технологиялық өндірісті тоқтатты. Мұның себебі - аймақта COVID-19 індетінің қайта бұрқ етуі, соған сәйкес өндіріске қажетті компоненттердің жеткізілім тізбегінің бұзылуы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bloomberg-тің хабарлауынша, өндіріс Қытай билігі тиісті хабарлама жариялағаннан кейін ғана қайта жанданады.

Pegatron-ға барлық iPhone өндірісінің 20-30% тиесілі.

Компания соңғы уақытқа дейін жергілікті органдардың рұқсаты бойынша жұмыс істеп, өндірісті тоқтатпай келген. Алайда, Pegatron қызметкерлері тұратын жатақханада соңғы төрт күн ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың үш жағдайы анықталып, бұл карантиннің енгізілуіне әкеліп соқты.

Нәтижесінде Шанхай мен Куньшандағы құрастыру желілерінің жұмысы белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды.

Macbook ноутбуктерінің кейбір модельдерін шығаратын Quanta компаниясы COVID-19-дың таралуына байланысты қабылданған шектеулерге ілініп, Шанхайдағы зауыттарының жұмысын тоқтатқанын хабарлады.

Наурызда коронавирустың жаңа штаммы (Omicron BA штаммы.2) ҚХР-дың бірнеше бөлігінде төбе көрсетті. Қытайдың экономикалық орталықтарының бірі - Шанхай ең көп зардап шекті. Қытайда 27 наурыздағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясының 2,6 мың жағдайы тіркелді, осыған байланысты қала билігі локдаун енгізу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз