COVID-19: Қытайда вирус жұқтырғандар саны қайта өсіп жатыр

Қытай, коронавирус, антирекорд, пандемия, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 10:39 Сурет: unsplash
Қытайда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 27 595 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл COVID-19 пандемиясы кезіндегі жаңа антирекорд, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары, ал дәл бір апта бұрын тіркелген деректен екі есе көп.

Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, 10 сәуірде ауруды жұқтырғандар арасында тек 1184 адамның қызуы көтеріліп, жөтел және әлсіздік байқалса, қалған 26 411 адам – симптомсыз ауырғандар. COVID-19 жұқтырған арасындағы тек 86-сы шетелден келгендер екен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: