Талғарда студенттер уланып қалды
Сурет: pixabay
Сәуірдің 12-сі күні Алматы облысында медициналық колледждің төрт студенті ауруханаға жатқызылды. Қыздар дөнерден уланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккендердің екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында.
Қыздар Талғарда дөнер жегеннен кейін өздерін нашар сезінгенін айтты. Қазір аудандық СЭС мамандарының қатысуымен осы факті бойынша тексеру басталды. Алматы облысы ДП баспасөз қызметі
Ведомствоның мәліметінше, тексеру жүргізу үшін дөнер сататын орынның қызметі тоқтатылды.
Тексеру қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады, – деді баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript