Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Зеленскийдің суреті бар коллекциялық шақаларды сатылымға шығарды

Владимир Зеленский, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2022 11:59 Сурет: whitehousegiftshop.com
Бұл монеталарды сатудан түскен кірістің 100%-ы украин халқына көмекке бағыттау үшін америкалық Қызыл Крест ұйымына аударылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақ үйдің кәдесый дүкені Украина президенті Владимир Зеленскийдің суреті бар монеталар жинағын сатылымға шығарды, делінген АҚШ әкімшілігінің сайтында.

Шақалар "Америка президенттігінің тарихи сәттері монеталар жинағында" сериясында ұсынылған.

Онда Зеленскийдің 7 наурызда АҚШ Конгресіне видеобайланыс арқылы шыққан кездегі суреті бейнеленген.

Бұл әлемдегі ең ірі әскери және қаржылық державаға тастаған ерекше виртуалды үндеу болды. Зеленский Америка тарихындағы оқиғаларды мысалға келтіріп, ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болған Перл-Харборға жасалған шабуылды және терроризмге қарсы соғыстың бастауындағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы жағдайды еске алды. Ақ үй

Шақаның құны 100 долларды құрайды. Хабарламада атап көрсетілгендей, бұл монеталарды сатудан түскен пайданың 100%-ы "Украина халқына көмектесуде гуманитарлық күшті арттыру" үшін америкалық Қызыл Крестке аударылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: