Павлодар облысындағы елді мекендер маңындағы дала өртінің видеосы жарияланды
17 сәуірде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Жолқұдық және Алғабас ауылдарының аралығындағы Ертіс өзенінің жағасында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бұған дейін Instagram желісінде даладағы өрттің видеосы жарияланған болатын. Елді мекендердің тұрғындары өрт сөндірушілер өртті сөндірмейді деп алаңдаған еді.
Кадрларда үйлердің маңындағы далада бірнеше өрт шыққанын көруге болады. «Екінші күн қаратынан өртеніп жатыр, өрт үйімізге жетіп қалды», – делінген видеода.
Пікір білдірушілер өрт әдейі қойылғанын айта келе, ауыл тұрғындарына «жақын өрт шыққанша жерді трактормен жырту керек» деген пікір білдірді.
Кейін Төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерге қауіп төнбегенін хабарлады.
Өрт орнында Алғабас ауылдық округінің өрт сөндіру бөлімі, сондай-ақ Ленин кентінің өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеді. Өрт аумағы 15 гектар болды.
Өрт сөндірілді.