Жаңалықтар тізбегі
0

1,7 миллиард адамға Украинадағы жағдайға байланысты кедейшілік қаупі төніп тұр – БҰҰ

БҰҰ, Ресей, Украина, аштық, дамушы елдер, кедейшілік, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 10:57 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей – Украина қақтығысы дамушы елдердің ұстанымына кері әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бидай мен арпа өндірісіндегі Ресей мен Украинаның үлесі 30%, жүгері – 20% және күнбағыс майы – 50% -дан астам. Екі елдің өнімі ғаламшардың ең кедей тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп келді, деп жазды «Ведомости» чехиялық «Сезнам зправы» порталына сілтеме жасап.

Дағдарыс 1,7 миллиард адамды, яғни адамзаттың бестен бірінен астамын соңғы онжылдықтарда болмаған кедейлік пен аштыққа душар етуі мүмкін. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

Баяндамашы Африканың 45 еліне жеткізілетін бидайдың 30 пайыздан астамы Ресей мен Украина жерінде өсетінін айтты. Қақтығыс жаһандық ауыл шаруашылығы және энергетикалық экспортқа кедергі келтіріп, газ мен мұнай бағасын көтереді.

Украинадағы соғыс жер бетіндегі аштықтан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі гуманитарлық бағдарламаларға қауіп төндіреді, деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы. «Ұйымға Йемен, Чад және Нигердегі гуманитарлық жұмысын жалғастыру үшін шұғыл түрде 8 миллиард доллар қажет», – деді ол.

Осыған байланысты Антониу Гутерриш мемлекеттерді шетелдік серіктестер үшін нарықтарды ашық ұстауға, азық-түлік қорларының жиналуына жол бермеуге және экспортты негізсіз шектеуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: