Әлемдік державалар арасындағы сенімсіздік шарықтау шегіне жетті - БҰҰ
Сурет: pixabay
Бас Ассамблея алдында 2022 жылға арналған жұмыстардың басымдықтарына тоқталған сөзінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемдік қоғамдастық теңсіздікке, инфляцияға, саяси толқулар мен қақтығыстарға жиі ұшырап жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз тағы бір жылды жаһандық пандемиямен иық түйістіре бастадық. Коронавирус адам өмірін, жоспарлар мен үміттерді тәлкекке салуда. Басты айқын нәрсе - бұрыннан да басымырақ дүдамалдылық. Сонымен қатар теңсіздік пен инфляция өсу үстінде. Біз саяси толқулар мен қиян-кескі қақтығыстарға тап болудамыз. Әлемдік державалар арасындағы секемшілдік шарықтау шегіне жетті. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш
Ол қазір әлемде 1945 жылдан бері қарай ең көп зорлық-зомбылық қақтығыстарының байқалатынын атап өтті. Ал ядролық қару қорларының саны 13 мыңнан асады, бұл - соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгей.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript