Қостанайда базардан сәбидің мәйіті табылды
Сурет: Zakon.kz
Қостанайда «Бүркіт» базарында ер адам жаңа туған қыздың денесі салынған пакет тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәуірдің 19-ы күні сағат 17:00 шамасында 37 жастағы ер адам «Бүркіт» базарының аумағынан жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған. Шақалақ сөмкенің ішінде жатқан.Қостанай облысының ПД
Осы факті бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100 бабы бойынша «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Полицейлер аталған факті бойынша белгілі ақпарат беруді сұрап тұрғындарға жүгінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript