Павлодарда мектеп өртеніп жатыр
Сурет: Павлодар қаласы төтенше жағдайлар департаменті
Павлодарда №28 жалпы білім беретін мектепте өрт сөндіріліп жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылардың айтуынша, 08:04-те Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 24 мекенжайында орналасқан мектепте өрт шыққандығы туралы хабар түскен.
Төрт қабатты №28 жалпы білім беретін мектептің екінші қабатының (шатыр) шамамен 200 шаршы метрлік аумағы өртке оранды. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 576 адам эвакуацияланды, оның 551-і бала. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері мен 12 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript