Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың қаза болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 13:35 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды., деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы президенттің ресми Telegram арнасында хабарланды.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

Еске сала кетейік, сәуірдің 22-сі күні Гвардейский қалалық үлгідегі кентінің әскери госпиталінде әскерге жаңадан шақырылған сарбаз Әлібек Қалбай қайтыс болды. Сарбаз жасақтау кезінде есінен танып қалған. Алғашқы көмек көрсетілгенімен сарбазды өмірге қайтару мүмкін болмады.

Кейін ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев мерзімді әскери қызметші Әлібек Қалбайдың қазасының жай-жапсарын айтып берді.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары атап өткендей, құқық қорғау органдарының ресми қорытындысына сәйкес оқиға орнын қарау кезінде, сондай-ақ сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде өмірге қауіп төндіретін жарақаттар мен гематомалар анықталмады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: