Алматыда жауын салдарынан 50-ден аса жерді су басты

нөсер, жауын Сурет: Zakon.kz
Су басудың негізгі себептері – арықтардың қоқыспен бітелуі немесе су сыйымдылығының аздығы. Коммуналдық қызметтер арықтарды тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, барлық мекенжай бойынша коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар жедел іс-шара атқарып жатыр. Алматының барлық ауданында жағдай тұрақты. Жауапты қызметтер шұғыл әрекет етуге дайын

Бұған дейін хабарланғандай, су басу проблемасын шешу мақсатында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша су шаруашылығы объектілерінің техникалық жағдайына талдау жүргізілді. Барлығы 56 учаске анықталды, оларды аздаған жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалады.

Негізгі себептер – кейбір учаскелерде арық желілерінің болмауы, нөсер кәрізімен қосылмаған арықтар, бұзылған арықтар, арықтарды жолдарға шығару, сонымен бірге жұмыс істемейтін, бітелген, көмілген коллекторлар.

Мәселені шешу үшін арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайтып, кейін бірыңғай желіге біріктіріп, реконструкциялау жұмысы жүргізілетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз